KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Үйірмеде үйренетін нәрсе көп

4.03.2012, 18:00 198


Жақында аудандық «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» мәдениет үйінде қазақ ұлт-аспаптар үйірмесі ашылмақшы.

Аудандық мәдениет саласы өкілдерінің айтуына қарағанда, үйірмеге қатысушылар ұлттық аспаптардың қыр-сырын жете меңгеру мақсатында білікті мамандарынан дәріс алады. Сондай-ақ ол жерде вокалдан, яғни, ән салуға баулитын арнайы сабақтар өткізілетін болады. Өнерпаз өз дауысын қалай тиімді пайдалануы керектігі жөнінде, ән айтудың техникасы мен әдебі, сахна мәдениеті жайында дәрістер оқытылып, үйретіледі.
– Үйірмелерге қатысушылар қазақтың қасиетті қара домбырасынан бастап, қобыз бен сазсырнай сияқты ұлттық аспаптарда еркін ойнауды үйренеді, – дейді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Кенен Алпысбаев.


Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив