KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Алғашқы автокөлік Францияда шыққан

23.02.2012, 18:00 192


Жер бетіндегі ең алғашқы автокөлік Францияда пайда болыпты. Аталған мемлекеттің қорғаныс министрі Этьен-Француа әскери мақсатта пайдалану үшін артиллериялық жабдық тасымалдайтын көлік ойлап табуға бұйрық береді. Соған сәйкес бұл тапсырманы орындау міндеті Николас Джозеф Кагнот есімді
механикке жүктеледі.

Сөйтіп бұған дейін іске асырылып көрмеген күрделі жобаны қолға алған Кагнот пен тағы бір әскери механик Брезин екеуі бумен жүретін тұңғыш мәшиненің үлгісін құрастырып шығарған екен.
Алайда оның жүру жылдамдығы тым баяу – сағатына 4 шақырым болды, есесіне 5 тоннаға дейін ауыр жүкті тасымалдауға қуаты жеткілікті еді. Мұнша күш-қуаты зор техниканың жылдамдығынан бөлек тағы бір кемшілігі болды, ол – тежегіші. Тежегіштің нашар ұстауынан көлік бірнеше мәрте жол апатына да ұшырапты. Сол себепті Франция билігінің шешімімен оны шығару 1771 жылы тоқтатылған екен. Десек те, Николас Джозеф Кагноттың туындысы тарихта ең алғашқы көлік ретінде сақталып қала бермек.
Ал жанармаймен жүретін темір тұлпарды ең бірінші жасап шығарғандардың бірі – Бенц есімді өнертапқыш көрінеді. Бенцтің екі
адамға шақтап құрастырған мәшинесі 3 дөңгелектен тұрды. Сонымен қатар тағы бір деректер «жанармаймен жүретін алғашқы көлік» деген атақ Зигфрид Маркусқа тиесілі екендігін айтады. Маркустың 1875 жылы құрастырған үлгісінің жылдамдығы Кагнот-тың бу көлігіне қарағанда әлдеқайда жоғары – сағатына 15 шақырымға дейін жетіпті.
Естеріңізге сала кетейік, сағатына 100 ша-қырым жылдамдықпен жүретін көлікті 1899
жылы Парижде белгиялық құрастырушы Камилл Женатци жасаған. Екі бірдей электр қозғалтқышы арқылы жүретін бұл үлгіні «La Jamais-Contente» деп атады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив