KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 5 м/с, З
480.63 535.13 5.27

Теле2 мен Кселл «102»-ге түскен қоңырауларды «112»-ге "лақтырып" отырған

14.09.2018, 09:53 108



Ішкі істер министрі Қ.Қасымов «102» қызметінің жұмысы туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, осы уақытқа дейінгі келеңсіздіктердің өз себебі бар көрінеді. Енді «102»-ге 6 секундта хабарласа аласыз, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Бізге азаматтар «102»-ге хабарласа алмағандықтары жайлы көптеген шағым жолдады. Істің мән-жайын анықтадық. Біріншіден, туындаған келеңсіздіктер ұялы операторлардың жұмысына байланысты. Мысалы «Алтел» «102»-ге хабарласқан абонентті бірден 30 секунд «сөйлейтін» автожауапбергішке қосып келген. Ал «Теле2» мен «Кселл» бұл қоңырауларды белгісіз себептермен «112»-ге қосып келген. Содан кейін ғана «102»-ге жолданып келген, – деді Қасымов.


Министр тамыз айында барлық ұялы байланыс операторларымен кезігіп, мәселені талқылай келе, олқылықтың орны толғанын айтты.


– Енді біздің абоненттеріміз «102»-ге кез-келген ұялы байланыс операторынан 6 секунд ішінде хабарласа алады, – деді ІІМ басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив