KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 6 м/с, В
443.16 480.39 4.94

1 қаңтарда тіркелмеген телефондар неге өшірілмеді?

18.01.2019, 04:23 164

Жаңа жылға дейін телефондарын тіркемеген абонеттер ұялы байланыссыз қалады деп ескертілген еді. Алайда тіркелмеген телефондар өшірілмеді. Оның себебін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев түсіндіріп берді.


Заң бойынша, телефон және басқа да ұялы байланыспен жұмыс істейтін құрылғылары бар тұрғындар операторға өз ЖСН нөмірін (жеке тұлға болса) немесе БСН нөмірін (заңды тұлға болса) беруге тиіс.


-Сіздер байланысты өшіріп тастағанымызды сұрайсыздар ма? Мұндай жұмыстар авторизацидан өтпеген адамдармен тұрақты жүргізіліп отырады, барлық байланыс операторларымен жеке жұмыс жасалады. Біз ыңғайсыздық тудырығымыз келмейді, адамдар телефонды пайдаланғанын ғана қалаймыз, - дейді ведомство басшысы.


Қазіргі уақытта абоненттердің берген мәліметтері салыстырып тексерілуде.Тексеру аяқталғаннан кейін ғана шешім қабылданады екен.


Естеріңізге сала кетсек, ұялы байланыс операторлары өз абоненттерін авторизациядан өтуге шақырады. Ол үшін әр абонент  өз ЖСН нөмірін ұялы гаджетіне тіркеу керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив