KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Карантин өміріңізді қалай өзгертті?

31.10.2020, 20:52 85

Карантин көптеген адамдар үшін ауыр сынға айналды. Басқа түскен қиындықтар мен түрлі ойлардан да ауыр секілді. Әлем бір бөлменің көлеміндей болып, тарылып қалғандай.

Дегенмен, күнделікті күйбең тіршіліктің қамымен жүріп, отбасына көңіл бөлуден қалғандар бір дастарқанның басында жақындарымен бірге жиі жинала бастады.

Иә, бір бөлмеде қамалып отырғанда, әлемнің бар қызығы сонда қалғандай, терезенің арғы жағындағы тіршілік өзіне тартып тұрады, өмір жаныңнан зуылдап өте шыққандай күйге түсесің, күндерің көңілсіз ұзақ минуттар мен сағаттардан құрылғандай болады.

Кинотеатр мен театр секілді мәдени-көпшілік орындардан қағылып қалдық. Үйдегі кішкентай теледидар мен компьютердің экранына үңілуден де жалығады екенсің.

Дос-жаран, ағайын-туыстармен кездесуден де қалдық. Бәрінің басын қосатын бір ғана әлеуметтік желі.

Кейбір адамдар карантинде артық салмақ қосып жатса, кейбіреулері, керісінше, пайда болған бос уақытты құр жібермей, үй жағдайында спортпен шұғылдана бастады.

Кейбіреулерді карантин жолдан қалдырды, демалыс орнына барамын деген жоспарлар желге ұшты. Жыл бойы күткен еңбек демалысын үйде, теледидардың алдында өткізуге мәжбүр болғандар да бар.

Мұның барлығы, әрине, көңілсіз жағдай. Алайда, кез келген ауруды емдеуден гөрі, оның алдын алған жеңіл. Сондықтан уақытша әлеуметтік қатынастарды азайтқан жөн. Бұл аса қиын міндет емес, алайда инфекцияның таралуын тоқтатуға бағытталған өте маңызды әрі тиімді шара.

Әр адамда таңдау бар: коронавирус инфекциясын белсенді тарату немесе өзін және өзінің жақындары мен туыстарын қауіптен қорғау. Әрқайсымыз қаламыздағы эпидемиологиялық жағдайға әсер ете аламыз.

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу