ШҚО әкімі Ұлан ауданының тұрғындарымен кездесті
Ұлан ауданына жұмыс сапарымен келген ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Қасым Қайсенов кентінде тұрғындармен кездесті.
Өңір басшысы баяндаманы ысырып қойып, бірден жергілікті халықтың өтініш-тілегіне кезек берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Кент тұрғындары қазба жұмыстарымен айналысатын компанияларға қатысты шағым айтты. Мұндай кәсіпорындар жерді қазған соң қалпына келтіру жұмыстарын жүргізбейтін көрінеді.
Облыс әкімі бұл мәселені қаперге алатынын жеткізді.
- Әлбетте, инвестор нақты бір жоба бойынша жұмыс істейді. Сондықтан оларға үзілді-кесілді тоқтау салып, кедергі жасай алмайсыз. Бірақ тексеру қажет. Тәртіп бұзғандармен әңгіме жүргіземіз. Жалпы, кез келген істің басын ашып алған жөн. Қандай жоба қолға алынса да, халықтың пікірі ескерілуі тиіс, - деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы инвесторлар жобасын мақұлдамас бұрын әлеуметтік маңызына, қажет жағдайда ұлттық мүддеге де мән беру керек екенін айтты.
Оқи отырыңыз