KZ
Өскемен
+24°
переменная облачность жел 4 м/с, ОБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Май зауытының мүмкіндіктерін кеңейту керек – ШҚО әкімі

Фото: shko.akim.official

3.07.2023, 11:02 451 Ләззат Қанатқызы

Шемонаиха ауданына жұмыс сапарымен барған ШҚО әкімі Ермек Көшербаев жергілікті тұрғындармен кездесіп, бірқатар түйткілді мәселелермен танысып қайтты.

Первомайский кентіне де ат басын бұрып, май зауытының экспортқа шығару мүмкіндіктерін барынша кеңейту керектігін айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Первомайский кентіндегі май зауытында жаңа экстракция цехы іске қосылған.  Кәсіпорын өнімі еліміздің ішкі нарығы мен Өзбекстанға экспортталады.

 ҚХР-да бұл өнімге қызығушылық өте жоғары. ШҚО өндірушілері ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп ҚХР-ға май жеткізу жобасын әзірлейтін болады. Экспортқа шығару мүмкіндіктерін барынша кеңейту керек,  деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар кент тұрғындарымен ауызсумен қамтамасыз ету және үздіксіз электрмен жабдықтау мәселелерін де талқылап, Құрылыс, энергетика және ТҮКШ басқармасына "Біріккен энергосервистік компания" АҚ-мен бірге жағдайды қадағалауды тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу