Бірнеше ауданды газдандыруға мүмкіндік бар – ШҚО әкімі
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Тарбағатай ауданына жұмыс сапарымен барды.
Өңір басшысы мұнай-газ игерумен және өндірумен айналысатын «Тарбағатай Мұнай» кәсіпорнының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бүгінде көгілдір отын ел игілігіне ғана жұмсалатынын атап өткен жөн. Газ шетелге экспортталмайды.
Аймақ басшысы жуық арада аталмыш компанияның инвесторымен кездесетінін айтты. Кездесуде өңір елді мекендерін бұдан әрі газдандырудың мерзімі талқыланады.
«Бұған қажет мүмкіндіктің барлығы бар. Компания өндіру кезеңіне көшуге дайындалып жатыр. Сондықтан «Сарыбұлақ» мұнай кен орнын игеру жобасын әзірлеп, келісіп, бекіту қажет», - деді облыс әкімі.