KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Бошай Кітапбаев туралы кітаптың таныстырылымы болды



24.08.2023, 15:04 722 0 Оразай Жеңісұлы

Облыстық кітапханада Алтайдың абыз ақсақалы Бошай Кітапбаев туралы жаңа кітаптың таныстырылымы болды.

Бошай Кітапбаев – болмысы бөлек тұлға. Бұлай дейтініміз, қазыналы қарт қолына қару да, қамшы да, қалам да ұстаған. Ол, ең әуелі, қолына қару алып, қан майданға кірді. Отан қорғау жолында бір аяғын майдан даласына тастап оралды. Соғыс ардагері атанғанда, бейнетімнің зейнетін көрейін деп те қарап жатпады. Миллионер-колхоздың бастығы болып, шаруаны ұршықша иірді. Сондағы төккен тері үшін Социалистік  Еңбек Ері атанған.

Ілкіде туған өлкенің тарихын түгендеп, туған жұрттың шежіресін қаттап-шоттап бірқатар еңбек жазды. Тұңғыш кітабын Оралхан Бөкейдің өзі жоғары бағалап, алғы сөз жазған көрінеді. «Тоғыз таңбалы Найман», «Шежіре», «Айта-айта Алтайды Бошай ата қартайды», «Жылы пікіріміз ешқашан өзгермейді» атты кітаптары бірінен соң бірі жарыққа шықты. Түгел туындысы ойлы оқырман іздеп жүріп оқитын құнды мұраға айналды. Сол еңбегі үшін "Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы" атанған.

Ал Бошайдың атбегілігі – бір төбе. «Құланқара», «Бұланқара», «Желмая» сынды жүйріктері сол заманда аламан бәйгенің алдын бермеген көрінеді. Ұлы тойларда атсейістің өнеріне тәнті болған заңғар жазушы Ғабит Мүсірепов «Бошайдың үш қарасын» жазғаны мәлім.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив