Шығыс өңірі Алғыс айту күніне арналған телекөпірге қатысты
Шығыс өңірі Алғыс айту күніне арналған республикалық телекөпірге қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл ауқымды іс-шара елорда төріндегі Достық үйінде басталды. Өңірлердегі Достық үйінің өкілдері онлайн байланысқа шығып, айтулы мерекенің мән-маңызына тағы бір мәрте үңілді.
Ерекше форматтағы іс-шараға мың шақты адам қосылды. Бұл қатарда Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Мәдениет және ақпарат Вице-министрі Данияр Қадыров, депутаттар мен этно-мәдени бірлестік өкілдері бар.
Жиында Ассамблея төрағасының орынбасары «Қайырымдылық керуені» атты дәстүрлі республикалық акция басталғанын мәлімдеді.
Осыдан кейін алғашқы игілікті істе де жасалды. Атымтай жомарт азаматтардың бірі аз қамтылған екі отбасыға Астанадан пәтер сыйлап, көпшіліктің алғысына бөленді.