KZ
Өскемен
+2°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

ШҚО-да тәртіп сақшылары насыбай саудасымен күресті бастап кетті



1.04.2024, 19:00 278 0 Айна Ескенқызы

«Заң мен Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдары қоғаммен бірлесіп, 18-31 наурыз аралығында республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, насыбай профилактикасына алты мыңнан астам полиция қызметкері тартылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 -18-31 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында шегуге арналмаған темекі өнімдерін әкелуге, өндіруге және таратуға тыйым салу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Шара нәтижесінде сегіз құқықбұзушылық фактісі анықталып, алты келіден астам шегуге арналмаған темекі өнімдері тәркіленді. Аталған құқық бұзушылыққа жол берген тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шекпейтін темекіні өндіретін орындар анықталған жоқ, - деді ШҚО Полиция департаменті жергілікті полиция қызмет басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Батырбек  Кадыров.

Аға инспектор насыбайды әкелу және таратумен қоғам болып күресу керек деп санайды. Сол себепті полиция қызметкерлері заңсыз сауда орындарын әшкерелеуде саналы азаматтардан көмек күтеді.

- Рейд жүріп жатқанынан хабардар болғандықтан, заңсыз саудамен айналысатындар сол күндері саудаларын тоқтата тұрады. Оның үстіне форма киімін киген полиция қызметкерлерін көрген соң жасырын саудаға көшеді. Осы орайда мен қала, облыс тұрғындарына ескерткім келеді. Егер сіздерге шекпейтін темекі саудасының орындары белгілі болса не оны кездейсоқ көріп қалсаңыздар, «102» жедел арнасына немесе сол маңайдағы учаскелік полиция пункттеріне, бөлімшелеріне хабарласыңыздар, - деді полиция майоры Батырбек  Кадыров.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу

Пікірлер (0)