Глубокое ауданында тәулігіне 1000 тонна күнбағыс майын өндіретін зауыт салынып жатыр
Глубоков ауданының әкімі Тамара Рахымжанова Предгорное ауылында салынып жатқан жаңа автоматтандырылған көпмәдениетті май өндіретін кешен - «Алтын шығыс» ЖШС-нда болды.
Бұл - аймақтағы ең ірі инвестициялық жобалардың бірі. Зауыт тәулігіне 1000 тоннадан астам күнбағыс майын өндіреді. Құны 28 млрд теңге болатын жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Аудан әкімі Тамара Рахымжанова серіктестіктің бас директоры Павел Писаренкомен кездесті. Ол зауыт құрылысының барысы туралы айтып, цех жабдықтарын көрсетті.
Қазіргі уақытта күнбағыс майының тұқымының қабығын тазартып, өңдейтін жабдық сынақ режимінде іске қосылған, ал күнбағысты өңдейтін цехтың іске қосу-жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Сонымен қатар аталған бағдарлама аясында ауданда 4 жоба субсидияланған. Атап айтқанда, тауар мен жабдық сатып алу және жөндеу, жүк тасымалдау қызметін кеңейту, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды өсіру бойынша қызметті дамыту жобалары.