ШҚО тұрғындарына дауылды ескерту жарияланды
depositphotos.com
«Қазгидромет» облыстық филиалының ақпаратына сәйкес, 4 қарашада Шығыс Қазақстанның батысы, солтүстігі және шығысында жаңбыр мен қар, сондай-ақ көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz.
5 қарашада қар жауып, аздаған бұрқасын болады, жолдарда көктайғақ сақталады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қатты қар күтілуде. Кей өңірлерде тұман түсіп, желдің күші 15–20 м/с, ал оңтүстік және шығыс бөліктерінде 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Ауа температурасы 5 қараша күні түнде және күндіз 5–10 градусқа дейін, ал шығыс аудандарында 13 градусқа дейін суытады деп болжануда.
Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді:
- ауа райы қолайсыз кезінде елді мекендерден шықпаңыз;
- көлік жүргізушілері жылдамдық режимін және арақашықтықты сақтаңыздар;
- жаяу жүргіншілерге көктайғақта құлап қалмау үшін абайлап, асықпай жүру ұсынылады;
- жел күшейген кезде электр сымдары мен бос тұрған заттарға жақындамаңыз, ағаштардың астына және аялдамалардың артына тығылмаңыз.
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.