ШҚО-да қар мен бұрқасын күтіледі

Фото: Жасанды интеллект
«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 7 наурызда облыс аумағында жауын-шашын болжанады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар жауып, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында жауын-шашын мөлшері айтарлықтай көп болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жел күшейіп, екпіні 23-28 м/с дейін жетуі ықтимал, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өскемен қаласында да жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады. Желдің екпіні түнде кей уақытта 23 м/с дейін күшеюі мүмкін. Қауіпті ауа райы жағдайында тұрғындар сақтық шараларын ұстануға тиіс. Елді мекендерден шықпау, жол қозғалысы кезінде жылдамдық режимін сақтау, жаяу жүргіншілердің абай болуы маңызды.