KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Өскеменде жүргізуші көлік тізгінінде көз жұмды

22.02.2019, 08:03 244

Жүк көлігінің жүргізушісі үш машинаға соғылып, көлік тізгінінде көз жұмды. Полиция оның жүрек талмасынан қайтыс болған деген болжам жасап отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қайғылы оқиға Самар тас жолында Күлено кентінің тұсында болған.


Жол апатына бірден бірнеше көлік түскен: екі жүк көлігі, микроавтобус және жеңіл автомобиль.


Howo жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі жол жиегінде тоқтап тұрған Chevrolet Aveo, ГАЗель және ГАЗ-53 маркалы автокөліктерге соғылып, есін жимай оқиға орнында көз жұмған.


Қазір полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, жол апаты мен жүргізуші қазасының себептерін анықтауда. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізушінің жүрек талмасы ұстап қалған көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив