KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 2 м/с, ОШ
467.29 501.03 5.35

Үржар ауданында жүргізуші әйел жол апатында көз жұмды

6.09.2020, 08:06 200

Қайғылы оқиға 30 тамызда Мақаншы-Жалаңашкөл тас жолында болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сағат 11.00 шамасында Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, көлік жыраға түсіп кетті.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, алған жарақаттардан 45 жастағы жүргізуші әйел оқиға орнында көз жұмды. Көлікте отырған 62 жастағы ер адам, жүргізушінің 17, 12 жастағы ұлдары ауруханаға жеткізілді. Медициналық тексеруден кейін олар үйлеріне қайтарылды.

Қазір жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив