KZ
Өскемен
+12°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
441.79 478.77 4.9

Өскеменде ауыл шаруашылығы өнімдерін толайым бағамен сататын «Агромаркет» ашылады

22.02.2019, 06:37 184

Бұл жөнінде ШҚО әкімі Даниал Ахметов тұрғындар алдында жасаған есебінде айтты. Аталған нысан өңірдің шаруа қожалықтарына өз өнімдерін тұтынушыға ешқандай делдалсыз, тікелей өткізуге мүмкіндік береді.


Кейінгі жылдары Шығыста ауыл шаруашылығы саласында ауыз толтырып айтарлық жұмыстар атқарылды. Соның бірі – сүтпен қамту. Өткен жылы облыста 10 сүт қабылдау бекеті ашылып, халықтан 48 мың тонна сүт сатып алынған. Ал Семейде ирандық «АгроПортал» компаниясы жылына 30 мың тонна өңдейтін комбинат, Аягөзде австралиялық компания 11,5 мың тонна ет өңдейтін зауыт салып жатыр.


– Орынбасарым  Шалқар Байбековке  жылдың алғашқы жартысында  ауыл шаруашылығы өнімдерін толайым бағамен сататын сауда орталығының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді тапсырамын,  - деді ШҚО әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив