KZ
Өскемен
+23°
ясно жел 3 м/с, С
481.19 538.45 5.18

ШҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жауады: құтқарушылар ескерту жасады

Фото: egemen.kz

22.05.2024, 16:57 110 Ләззат Қанатқызы

"Қазгидромет" РМК ШҚ филиалының ақпараты бойынша, жақын күндері ШҚО-да күн райы бұзылып, бұршақ жаууы мүмкін.

23 мамыр күні түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, ал күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сонымен қатар синоптиктер жел екпіні де күшеюмі мүмкін екенін айтады.

Күн райының бұзылуына байланысты ШҚО ТЖД құтқарушылары тұрғындарға ескерту жасады.

- Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында өрт қаупі сақталады. Найзағай кезінде электр құрылғыларын тоқтан суырып, пайдаланбаған жөн. Көшеде металл қоршаулардың жанында, автобус аялдамаларының артына жасырынбаңыз, - дейді ШҚО ТЖД мамандары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив