KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Жарма ауданы Астанадағы жәрмеңкеге 8 тонна жылқы етін апарады

27.09.2018, 06:11 304

Қыркүйек айының 29-30 күндері аралығында елордасы  – Астанада Шығыс Қазақстан облысы күндері өтіп, мұнда ауыл шаруашылығы өнімдері жәрменкесі өтетін болады.


Елорданың 20 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылып отырған бұл шарада аймақта өндірілетін барлық ауыл шаруашылық өнімдері бағасы Астана базарларымен салыстырғанда 15-20 % төмен бағада ұсынылатын болады.


Аталған жәрменкеге Жарма ауданы да атсалысып, ертеден ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы жолға қойылған өңір жоғары сапалы, экологиялық таза ет өнімдерін ұсынбақ.


Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Айдын Аңсабаевтың бізге берген мәліметіне сүйенсек, ауданның ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер бас біріктіріп, шамамен 8 тонна жылқы етін ұсынатын болады.


Осыған дейінде Сарыарқа төсінде өткен жәрмеңкелерде  жармалық өнімдердің ішінде жылқы етіне деген сұраныс ерекше болғандықтан, өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдары халық сұранысын барынша қамтуды қолға алған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив