ҰБТ-ға тіркелуге соңғы мүмкіндік берілді
шартты сурет: depositphotos.com
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-ға тіркелу ұзартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Министр ақпаратты өзінің Telegram арнасында жариялады. Оның айтуынша, негізгі ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп үлгермеген талапкерлердің пікірін еске ала отырып, 22 мамыр сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін тестілеуге тіркелу базасы барлық тестіленушілер үшін ашылады.
"Өтініш беріп үлгермеген тест тапсырушылар app.testcenter.kz сайтында ұсынылған қолжетімді орындарға ғана тіркеледі. 2 рет өтініш берген талапкерлер үшін іс-әрекет қолжетімсіз болады" - деді Саясат Нұрбек.
Оқи отырыңыз