KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 6 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

25 бұлғын атып алған тұрғын жазаланды – ШҚО

фото: depositphotos.com

22.05.2024, 09:43 107 Ынтымақ Толқын

Алтай ауданында заңсыз аң аулаған тұрғын ұсталды. 25 бұлғын атып алған азамат мемлекетке 2 млн теңге шығын келтірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Құзырлы орган аудан тұрғынына сегіз бұлғын атуға рұқсат берген көрінеді. ШҚО бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері аңшының үстінен сотқа шағым түсірген.

«Мемлекетке келтірілген шығын – 2 001 080 теңге. Сот материалдық залалды өтеу туралы талапты заңды деп танып, қанағаттандырылуы тиіс деген қорытындыға келді. Сот шешімімен азамат шығынды толықтай өтеуге міндеттелді», - делінген хабарламада.

Алтай тұрғыны аппеляциялық шағым түсірген, алайда сот үкімі еш өзгеріссіз қалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив