KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Шығыс ауылындағы үйлердің электр жүйелері толықтай жөндеуден өтеді

19.02.2019, 03:01 138

Ағымдағы жылы Өскеменнің іргесінде орналасқан Шығыс ауылындағы үйлердің электр жүйелері толықтай жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Шығыс ауылындағы үйлердің жағдайымен жақсы таныспын. Сол баспаналардағы электр желісінің дұрыс тартылмауынан осыған дейін бірнеше үй өртеніп те кеткен болатын. Ағымдағы жылы аталмыш ауылдағы әр үйдің электр жүйелерін толықтай жөндеуден өткізетін боламыз, - деді сол аумаққа қарасты елдімекен тұрғындарымен кездескен қала әкімі Жақсылық Омар.


Өскемен қаласының әкімі сонымен қатар алдағы уақытта осы ауылдағы үйлерді жекеменшікке беру мәселесі де егжей-тегжейлі қарастырылатындығын жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив