KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 9 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

Өскеменде сапасыз жөнделген үйлердің шатырлары қайтадан толықтай күрделі жөндеуден өтеді

21.04.2013, 18:00 77


Шығыс Қазақстанның облыс орталығында терможаңғырту бағдарламасы бойынша сапасыз жөнделген үйлердің шатырлары қайтадан толықтай күрделі жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Сол жағалау шағын ауданындағы Ульянов көшесі, 95-ші үй тұрғындарының мұң-мұқтажын тыңдады. Терможаңғырту бағдарламасымен шатырларын жөндеткен пәтер иелері соңғы кезде міндетті жарналарын
төлеуді мүлде қойған. Оның себебі, жөндеуден өткен су жаңа шатырлардан су кеткен. Мәселе сотқа дейін барған. Дәл осы жағдай Тәуелсіздік даңғылының бойындағы 45-ші және 47-ші үйде, Гагарин бульварындағы 6-шы үйде де қайталанған. Терможаңғырту бағдарламасы бойынша жүргізілген жұмыстар сапасыз болып шыққан, оның зардабын қазір пәтер иелері тартып отыр. Жоғарғы қабаттағы пәтерлердің бәрінен су сорғалап тұр.

Жағдайды көзімен көрген облыс әкімі бұл жұмысты мойындарына алып, құрғақ уәдені үйіп-төккен мердігерлердің жауапсыз-дығынан болғанын айтты.

"Бұлай жұмыс істеуге болмайды, бұл шектен шыққан жауапсыздық, бүгін пәтер иелерінің шағымы бойынша пәтерлердің барлығын аралап көрдім, шатырға да шықтым. Мердігерлер тарапынан жіберілген қателіктер бар, кеткен олқылықтардың орнын толтырамыз," – деді облыс Әкімі.

Енді аталмыш үш үйдің шатыры қайтадан толықтай күрделі жөндеуден өтеді. Аймақ басшысы осы мәселеге байланысты қала басшылығына нақты тапсырмалар жүктеді.

Дарын Нұрсапаров

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив