KZ
Өскемен
-1°
плотный туман жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Өскемендегі №20 ықшам ауданның тұрғындары көптен күткен электр қуатына қол жеткізді

4.12.2017, 04:30 177

Өскемендегі №20 ықшам ауданның тұрғындары көптен күткен электр қуатына қол жеткізді. Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға облыс әкімі Даниал Ахметов қатысты.


Уәде орындалды. Жаз ортасында аталмыш ауданның тұрғындарымен кездескен аймақ басшысы жыл соңына дейін барлық үйлерге электр жарығын тартып беруге уәде берген болатын. Аудан ықшам аудан жұрты сол уәденің желге ұшпағанын айтып мәз болысты.


№20 аудан әуел баста жер үй құрылысына деп жобаланған. Ол кезде жеке үй құрылысына телімдер инфрақұрылымсыз-ақ берілетін. Кейін бұл ауданға көпқабатты тұрғын үйлер салынып, ондағы инженерлік-коммуникация жүйесін ретке келтіру талабы туған. Ақыры мәселеге облыс әкімі араласып, жарық пен жолсыз қалып бара жатқан жеке сектордың тұрғындарымен кездескен. Тұрғындар әкімге ұрлық маза таптырмай тұрғанын айтып, көшелер мен жолдарды асығыс жобалаудың салдарынан үйлердің арасы тұйықталып қалғанын жеткізген еді. Сол кездесуде 500-ден астам жер үйдің жарықты генератор арқылы алып отырғаны белгілі болып, электр желісін тарту үшін бюджеттен 120 млн теңге бөлгізген. Сол қаражатқа қуаты 0,4 киловольт болатын электр желісі тартылыпты.


- Берген уәде толықтай орындалды. Енді үйлерді тәртіппен салып, қоқысты уақтылы тазалап отыру керек. Ол міндет өздеріңіздің мойындарыңызда, - деді аймақ басшысы.


Бұл ауданның тағы бір өзекті мәселесі ауызсуға тіреліп тұр. Облыс басшысы тұрғындардың есіне кәріз жүйесінің құрылысы келесі жылы аяқталатынын қайталап салды. Кәріз тартылғанша, жол мәселесі де реттелуі тиіс. Ал су құбырын тарту үшін 2018 жылы 980 млн. теңге бөлінбек.


- Қаңтар айында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында өткен қабылдауда болған едік. Кейін облыс басшысы осында келіп, жағдайымызбен танысқан. Сондағы сөзінде тұрып, 500 жанұя жарыққа қол жеткізді. Қуанышымызда шек жоқ. Енді ауызсу мәселесі шемімін тапса, ауданның инфрақұрылымы толығымен реттеледі, - дейді ықшам аудан тұрғыны Қыдырғазы Баймұратов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив