KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 5 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Биылдан бастап онлайн-сақтандыру енгізілді

30.01.2019, 03:44 165

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда онлайн-сақтандыру енгізілді. Сақтандыру ұйымдарының клиенттері сақтандыру шарттарын электронды түрде жасасып, сақтандыру полисін электронды түрде ресімдей алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл әсіресе автокөлік иелеріне тиімді болады. Оларға енді сақтандыруды өзімен бірге алып жүрудің енді қажеті жоқ, барлық қажетті құжат біріктірілген орталық базада тіркеліп тұрады.


Бұл жайында “Коммеск-өмір” сақтандыру компаиясы АҚ басқарма төрағасы Олег Ханин Алматыда өткен брифинг кезінде айтты.


Оның айтуынша, онлайн-сақтандыру қызметі қазір бейімделу кезеңінен өтіп жатыр екен.


-Алғашқы жыл болғандықтан онлайн-сақтандырудың жалпы көлемдегі үлесі 3-5%-дан аспайды. Кезінде әуе билеттерін де онлайн сату басталғанда көпшілігіміз үйренісе алмаған едік. Қазір жолаушылар билеттерді онлайн алып үйренді. Бұл да сол сияқты, уақыт өте онлайн-сақтандыру да қалыпты жағдайға айналады,-дейді Олег Ханин.


Дегенмен жыл басынан бері «Коммеск-өмір» сақтандыру компаниясында 2 млн теңгеге онлайн-сақтандыру жасалып үлгерген.


«Коммеск-өмір» сайтында сақтандыру полисінен бөлек, келісім-шартты қайта рәсімдеу, шартты бұзу, сақтандыру оқиғасы туралы хабарлама жолдау, келтірілген зақым көлемін анықтау, сақтандыру төлемін алу үшін электронды пішінде құжаттар жіберу секілді қызметтер де бар екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив