Сақтандыру полисі электронды түрге ауысады
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап автокөліктердің қағаз нұсқасындағы сақтандыру полисінен бас тартамыз, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Электронды шарттар міндетті және ерікті сақтандырудың барлық түрлері бойынша жасалады.
Енді жүргізушілер сақтандыру құжаты қолда болмағанда салынатын айыппұлдан қорықпайды. Ол келер жылы бірыңғай база арқылы тексерілетін болды.
Айта кетсек, мұндай айыппұлдың мөлшері 5 АЕК, яғни 12 мың теңгені құрайды.
Электронды нұсқаның енгізілуі сақтандыру полисі бағасының төмендеуі мен сақтандыру төлемдерін алуды жеңілдетуге сеп болады екен.
Оқи отырыңыз