Шығыс шекарасында қырғыз азаматынан тиым салынған кітап табылды
ШҚО аумағында шекара бақылауын жүзеге асыру кезінде 28 жастағы қырғыз азаматынан діни сипаттағы тиым салынған кітап табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға Семей жеріндегі «Ауыл авто» шекаралық бақылау бөлімшесінде болды.
– Жолаушылардың бірінің сөмкесінен қырғыз тіліндегі діни сипаттағы кітап табылды. Ол – Қазақстан аумағына әкелуге тыйым салынған әдебиеттер тізімінде бар, — деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Қырғызстан азаматының Қазақстан арқылы өз еліне Ресейден келе жатқаны анықталды.
Ал кітап Бородулиха ауданының Ішкі істер бөліміне тапсырылды.
Оқи отырыңыз
Сәті келген сұхбат. Ерлан Сайыровпен Манарбек Мұхамеджанов: «Діни экстремизм бойынша сотталғандарды қатардағы жазасын өтеушілермен бірге отырғызбау керек»ШҚО-да мемлекеттік тіркеуге және қайта тіркеуге 283 діни бірлестік пен филиалдар құжаттарын тапсырдыШығыс Қазақстан автокөліктері Қырғыстан мен Тәжікстан нарығында сатылуы мүмкін