KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Газ, көмір мен электрдің құны өседі

21.06.2022, 12:53 242

Энергетика министрлігі келесі жылға дейінгі шекті бағаны бекітті, деп хабарлайды malim.kz . 

Қазір сұйытылған газ бағасының шекті мөлшері – 28 000 теңге. Бұйрықта  ішкі нарықтағы сұйытылған газдың шекті бағасы келесі жылдың 30 маусымына дейін 1 тоннасы үшін 33 600 теңге мөлшерiнде болатыны жазылған. Бұл – тауар биржаларынан тыс өткізілетін және құн салығын есепке алмағандағы газдың шекті бағасы.   

Министрлік электр энергиясы мен көмір құнының да өсуі мүмкін екенін айтты. Себебі, электр энергиясын өндіруші 26 ұйым шекті тарифті өзгерту бойынша өтінім берген. Осыған байланысты 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап бағаның өсуі болжанып отыр.

Бұл аз десеңіз, жыл соңына дейін Богатырь-Көмір разрезіндегі көмір бағасы 30%-ға өсуі мүмін. Айта кету керек, 6 қаңтарда Үкімет газдың шекті бағасына қатысты 180 күндік мораторий жариялаған еді.    



Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив