KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
513.55 602.09 6.42

Ардагерлерге биыл 4,3 млрд теңге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді

gov.kz

17.04.2025, 12:00 399 Төлеуғазы Жансая

Қазақстанда ардагерлерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. 2025 жылы мемлекет тарапынан 4,3 млрд теңге көлемінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде 83 048 ардагер тұрады. Олардың қатарында:

  • Ұлы Отан соғысының 111 ардагері,
  • жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 796 адам,
  • басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан 26 553 ардагер,
  • ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері – 39 588 адам бар.

Ардагерлердің барлық санатына республикалық бюджеттен ай сайын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Бұл төлемдер өзге де әлеуметтік жәрдемақыларға қарамастан жүзеге асырылады. 2025 жылы осы мақсаттарға жалпы 17 млрд теңге қарастырылған.

Жәрдемақы мөлшері 2025 жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріне байланысты төмендегідей бекітілген:

  • ҰОС ардагерлері – 16 АЕК (62 912 теңге);
  • Жарақат алған немесе мүгедек болып қалған ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер – 7,55 АЕК (29 687 теңге);
  • Жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар – 6,19 АЕК (24 339 теңге);
  • Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлер – 6,19 АЕК (24 339 теңге);
  • Тәжік-Ауған шекарасында қызмет еткен және халықаралық миссияларға қатысқан әскери қызметшілер – 4,8 АЕК (18 874 теңге);
  • ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері – 2,13 АЕК (8 376 теңге).

Мемлекет ардагерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, олардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырып келеді. Бұл қолдау алдағы уақытта да тұрақты түрде көрсетіле бермек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу