ШҚО тұрғындарына: кене шағу жағдайында қайда жүгінуге болады?
Шығыс Қазақстан облысында кене шағу деректері жиілейтін эпидемиологиялық маусым басталды. Осыған байланысты өңірдің эндемиялық аймақтарында серопрофилактика пункттері жұмыс істеп тұр. Мұнда тұрғындарға иммуноглобулин егу арқылы тегін көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қауіп жоғары саналатын аумақтар қатарына Глубокое, Катонқарағай, Ұлан, Шемонаиха аудандары, сондай-ақ Алтай, Үлкен Нарын, Самар ауылдары мен Риддер және Өскемен қаласы маңындағы елді мекендер кіреді.
Өскемен қаласының тұрғындары үшін:
• Ересектер Серікбаев көшесі, 1/5 мекенжайындағы №4 қалалық ауруханадағы травматологиялық пунктке жүгінуі керек.
• Балаларға алғашқы медициналық көмек Қазыбек би даңғылы, 1 мекенжайындағы Ана мен бала орталығында көрсетіледі.
Мамандар тұрғындарға табиғат аясында жүргенде барынша сақ болып, кенеге қарсы қорғану шараларын ұстануға және қажет жағдайда медициналық көмекке дер кезінде жүгінуге кеңес береді.