Өскемен-Самар автожолындағы көшкін қаупі бар аумақтар тазартылды - ШҚО ТЖД
Көктем келсе де, Шығыс Қазақстан тауларында жауын-шашын көп болды. Ал күн күрт жылынса, көшкін қаупіне әкеп соғады.
Мамандардың айтуынша, биыл қар ылғалды және ауыр болды. Сондай-ақ, желдің екпіні салдарынан көшкін болатын аумақтарда қар үйіліп қалған, қардың бұл күйінде көшкіндердің өздігінен түсу мүмкіндігі едәуір артады. Осыған байланысты "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының қызметкерлері көшкін қаупі туралы ескерту жариялады. Түнде көптеген көшкін қауіпі бар автожолдар жабылды.
- Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін "Өскемен-Самар" автожолының учаскесінде қар массасын түсіру бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілді. Естеріңізге сала кетейік, республикалық және облыстық тасжолдың 105 шақырымында көшкін қаупі жоғары. Нәтижесінде 13 170 текше метр қар түсірілді. Қыс кезеңінің басынан бері облыста барлығы 85 түсіру жұмыстары жүргізілді, 90 000 текше метрден астам қар түсірілді, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Төтеншеліктер облыс тұрғындарына келетін ақпараттарға құлақ асып және тауға барудан бас тартуды ұсынады.