ШҚО-да аса қауіпті шыны жуатын сұйықтықтар анықтылды
Шығыс Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бақылаудағы өнімнің қауіпсіздігін мониторингілеу шеңберінде 2021 жылы автомобильдерге күтім жасау бойынша шыны жуатын сұйықтықтарға қатысты зертханалық бақылау жүргізді.
Бақылау барысында облыстың сауда желісіндегі 17 өнімнің сынамасы алынды. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін автомобильдерді күту бойынша шыны жуатын сұйықтықтардың 2 сынамасы анықталды.

Мәселен, РФ-ның «Элит Эйстейт Компани» ЖШҚ өндірген «Снежинка -30°С» төмен температуралы шыны жуатын сұйықтық өнімді таңбалауға қойылатын талаптарға сәйкес келмейді: өнім партиясының сәйкестендіру деректері және өнім туралы ақпарат (таңбалау) қазақ тілінде жоқ. Кәсіпкерлік субъектілеріне өнімді таңбалағанға дейін бұзушылықтарды жою немесе талаптарға сәйкес келмейтін өнімді өткізуден алып тастау (бұзушылықтарды жою үшін өнім берушіге/өндірушіге қайтару) туралы нұсқамалар берілді, - деп мәлімдеді ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, метанолдың құрамы бойынша талаптарға сәйкес келмейтін ҚР Қарағанды қаласындағы «LBC Chemical Group Corporation» ЖШС өндірген «Полярник -30°С» автомобильдерге арналған шыны жуатын сұйықтық сараптама нәтижелері бойынша адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті деп танылды, рұқсат етілген концентрациясы - 0,05% болған кезде бұл өнімнен 4,89% анықталды.
Метанол – қарапайым біратомды спирт, этил спиртінің өткір иісі бар түссіз сұйықтық, қауіпті у, контаминант. Көптеген жағдайларда этил спиртін алмастыра алатын күшті еріткіш. Таза метанол ғана емес, сонымен қатар салыстырмалы түрде төмен концентрацияда да осы уы бар сұйықтықтар өмірге қауіпті.
ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұтынушыларын тұрмыстық автохимияны таңдау мен сатып алуға мұқият қарауға шақырады. Егер оның таңбалауында нақты өнімді және оны басқа өнімнен ажыратуға мүмкіндік беретін толық мәліметтер болмаса, өнімді сатып алмаңыз. Егер өнім қаптамасын ашқаннан кейін қатты жағымсыз иіс болса немесе оны мақсаты бойынша қолдану процесінде бас ауруы, жалпы әлсіздік, дімкәстік, қалтырау, жүрек айну, құсу, көру қабілетінің уақытша соқырлыққа дейін бұзылуы сияқты ағзада улану белгілері пайда болса, денсаулыққа қауіп төндірмеу мақсатында дереу медициналық көмек алу үшін денсаулық сақтау ұйымдарына жүгіну қажет.

Оқи отырыңыз