ШҚО-да сайлау учаскелері ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бейімделген
ШҚО-да сайлау учаскелері ерекше қажеттіліктері бар адамдардың дауыс беруіне бейімделген.
Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес, облыс бойынша дауыс беру кезінде ерекше шарттарды талап ететін азаматтар саны 1784 адам, оның ішінде 650 адам кресло-арбаларды пайдаланады, 700-інің көру қабілеті нашар, 434 адамның есту қабілеті нашар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өңірде дауыс беру кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар сайлауға қатыса алатын 312 сайлау учаскесі анықталды. Негізінен ерекше қажеттіліктері бар азаматтар Өскемен қаласында, Алтай және Шемонаиха аудандарында дауыс береді. Бұл ретте, 495 учаске бірінші қабаттарда орналасқан, 472 учаске пандустармен, 482 учаске түрлі тактильді көрсеткіштермен жабдықталған.
424 учаскеде тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған сайлаушылардың, оның ішінде кресло-арбаларды пайдаланушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, жасырын дауыс беруге арналған кабиналар көзделген.
502 учаскеде мүгедектігі бар адамдарға арналған бұрыштар жабдықталған.
Дауыс беру күні ерекше қажеттіліктері бар азаматтар тұратын 5 елді мекенде 15 бірлік Инватакси автомашинасы ұйымдастырылды. Нашар еститін азаматтар көп болатын учаскелерде 15 сурдоаудармашыларды шақыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, "Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау" ақпараттық порталында "қолжетімділіктің интерактивті картасында" 522 сайлау учаскесі жарияланды.