Өскемен-Рахман қайнарлары автожолында үш адам қаза болды
4 қараша күні сағат 11.20 шамасында "Өскемен-Рахман қайнарлары" автожолының 110 шақырымында "Тойота Камри" және "Митсубиси" маркалы автокөліктері соқтығысты.
Жол-көлік апатының салдарынан үш жолаушы оқиға орнында қайтыс болды, тағы үш адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемелерге жеткізілді, депхабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
ШҚО Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбековтың мәліметі бойынша, бұл оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Ауа-райының өзгеруіне байланысты Полиция департаменті қыстың басталуымен жолдардағы қозғалыс ерекше назар аударуды қажет ететінін еске салады. Жылдамдықты асырмаңыз, жол жүрісі қағидаларын, жылдамдық режимін және қашықтықты сақтаңыз, кенеттен маневр жасаудан және басып озудан аулақ болыңыз, жол бойындағы жаяу жүргіншілерге өте мұқият болыңыз, айналаңыздағы жол жағдайын қадағалаңыз.