Ұлан ауданында қар көшкіні болды
«Қазселқорғау» мекемесінің мәліметінше, Ұлан ауданындағы Өскемен – Самар тасжолының 100-ші шақырымында қар көшкіні тіркелді. Қатты жауған қар мен желдің салдарынан өздігінен түскен көшкіннің жалпы көлемі 370 м³ болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ. Көшкін жолды жауып тастағанымен, «ОблШығысЖол» мекемесінің күштерімен жол жылдам тазартылып, қайта ашылды.
17-20 қаңтар аралығында облыстың таулы аудандарында қар көшкіні қаупі жарияланған болатын.
Оқи отырыңыз