ШҚО-да жолдар ашыла бастады: бір учаске әлі де жабық
18 қаңтар күнгі жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында 5 жол учаскесі қайта ашылды. Алайда «Шемонаиха – Секисовка» автожолының 0-56 км аралығы әлі де жабық.
Республикалық маңызы бар жол:
• «Алматы – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы», 1013-1048 км (Абай облысының шекарасы – Ұлан ауылы).
Облыстық маңызы бар жолдар:
• «Өскемен – Тарғын – Самар», 63-145 км (Тарғын ауылынан Самар ауылына кіреберіске дейін);
• «Өскемен – Таулы Үлбі – Северное», 38-60 км (Алтай Альпілері демалыс базасынан Северное ауылына дейін);
Жергілікті маңызы бар жолдар:
• «Согорное – Барлық», 1-25 км (Согорное ауылынан Барлық ауылына дейін);
• «Таврия – Каменка – Тройницкое», 33-43 км.