Қазақстанның жаңа рекорды тіркелді
Астанада өткен жеңіл атлетика жарысында Қазақстан рекорды жаңартылды. Оның авторы – Шерхан Егізбай. Жас спортшы бұған дейін ел ішінде өткен алдын ала турнирде жоғары нәтижелер көрсетіп, рекордтық деңгейге жақындаған еді. Ал бұл жолы ол жеңіл атлетика орталығы «Qazaqstan» алаңында өзінің ерекше шеберлігін нақты сандармен дәлелдеді.
Шерхан 5000 метр қашықтықты өткен жылдың өзінде 22 минуттан аз уақыт ішінде жүріп өткен алғашқы қазақстандық ретінде тарихқа енген болатын. Биыл ол өз рекордын 10,1 секундқа жақсартып, 21:43,9 көрсеткішімен тағы да көш бастады.
Сондай-ақ оның жерлесі Санжарбек Мұхаммаджанов та керемет нәтиже көрсетіп, 23:58,2 уақытпен үздік ондыққа енді. Бұл нәтиже Қазақстанның U-18 чемпионатында спорттық жүрістен соңғы онжылдықтағы ең мықты көрсеткіштердің қатарына кіреді.
5000 метрге спорттық жүріс – U-18 чемпионаты
1. Шерхан Егізбай (Шымкент) – 21:43,9
2. Санжарбек Мұхаммаджанов (Шымкент) – 23:58,2
3. Нұрасыл Еркін (Шымкент) – 25:57,2