Ревакцинация: Өскемен және Семейде QazVac, Vero Cell вакциналары қолжетімді
Өскемен және Семей қалаларында COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация науқаны басталды,деп хабарлайды ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы.
Қазіргі кезде ревакцинация жасау үшін аталмыш қалаларда инактивтендірілген QazVac және Sinopharm (Vero Cell) вакциналары қолжетімді.
- Бірінші кезекте ревакцинацияға тұрғындардың осал топтары жатады, олар - медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелер, жабық балалар мекемелері, 60 жастан асқан адамдар, КВИ қарсы толық вакцинация курсынан кейін антитела анықталмаған иммунитеті төмен адамдар, өз бетінше тексерілген және КВИ-ға қарсы антиденелерге зерттеудің теріс нәтижесі бар адамдар жатады, - деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.
КВИ-ге қарсы ревакцинация векторлық вакцинадан соң 9 айдан кейін жасалады. Инактивтендірілген және м-РНК-вакцинадан соң 6 айдан кейін жасалады.
- Ревакцинацияға жіберілетіндер саны қараша айының жоспары 650 адамды құрап отыр. Сондай-ақ, облыстың емханаларында жүкті әйелдерге, 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға және бала емізулі аналарға COVID-19 врусына қарсы Pfizer компаниясының «Комирнати» екпесін салу да жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда дәл осы санаттағы 4 600-ге жуық адам екпе алды, - деп хабарлайды ведомства өкілдері.