KZ
Өскемен
-14°
ясно жел 1 м/с, С
529.7 545.96 5.17

Көлікті ұзақ уақыт қыздырғаны үшін айыппұл: жол ережесі талқыға түсті

pexels.com

Бүгін, 18:00 58 Төлеуғазы Жансая

Әлеуметтік желіде көлікті бес минуттан астам уақыт қыздырған қазақстандықтарға айыппұл салынатыны туралы ақпарат қызу талқыланып жатыр. Алайда бұл норма Қазақстанның жол қозғалысы ережелерінде 20 жылдан бері бар,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Жол жүрісі ережелерінің 88-бабы 5-тармағына сәйкес елді мекендерде қозғалтқышы қосулы көліктердің тұруға тыйым салынады. Осыған ұқсас талап  ЖЖЕ 17-тарауының 122-бабының 4-тармағында да бар.

ШҚО ПД мәліметінше, бұл талап жаңалық емес. Егер қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған көлік бес минуттан астам уақыт бір орында қозғалмай тұрып, тұрғындарға қолайсыздық тудырса, бұл әрекет Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 597-бабының 1-бөлігіне сәйкес құқықбұзушылық деп танылады.

– Бұл жаңа енгізілім емес, мұндай норма Қазақстан Республикасының Жол жүрісі ережелерінде 20 жылдан бері бар. Ішкі істер органдары бұл құқықбұзушылық үшін азаматтарға жаппай айыппұл салуды мақсат етпейді. Тек тұрғындардың шағымдары мен құқықбұзушылық белгілері анықталған жағдайда ғана әкімшілік іс қозғалады. Айыппұл салу үшін нақты дәлелдер (фото және бейнежазба) талап етіледі,- дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстан облысында аталған бап бойынша құқықбұзушылықтар тіркелмеген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу