Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу жас ерекшелігіне қарамай міндеттеледі
Фото: Даниил Суворов
2024 жылы Қазақстанда мемлекеттік рәміздерді қолдануда заң бұзғандарға қатысты Қылмыстық кодекс бойынша 71 хаттама толтырылды. Бір азаматқа сот шешімімен айыппұл салынса, Түркістан қаласының тұрғыны екі жылға үй қамаққа алынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Қазір жастар әлеуметтік желілерде қаралым жинау үшін мемлекеттік рәміздерді қорлау фактілеріне дейін баратыны өкінішті. Осы орайда ескерте кеткім келеді, мемлекеттік рәміздер әлемнің барлық елінде Конституциямен қорғалады. Қазақстанда да мемлекеттік рәміздерді құрметтеу жас ерекшелігіне қарамастан әр азаматтың міндеті. Егер басқа қылмыстарға қатысты жауапкершілік 18 жастан бастап қарастырылып, оған дейін ата-анасы жауап беретін болса, мемлекеттік рәміздерді қорлаған жағдайда жасөспірімнің өзі жауапқа тартылады, – деді Мәдениет және ақпарат министрлігінің геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы Гүлдана Мәлікқызы.
Айна Ескенқызы
Оқи отырыңыз
Мемлекеттік рәміздерді қорлағандар 10 млн теңге айыппұл төлейдіМемлекеттік рәміздерді қорлағандарға айыппұл мөлшері 9,5 млн теңге болмақМемлекеттік рәміздерді құрметтей білеміз бе? (Видео)Бүгін — мемлекеттік рәміздер күніӘлеуметтік орталықтың тәрбиеленушілері рәміздер туралы ойынға қатысты – Өскемен