KZ
Өскемен
-15°
ясно жел 2 м/с, С
529.7 545.96 5.17

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Бүгін, 17:30 86 Төлеуғазы Жансая

Аймақ басшысы тұрғындармен жеке мәселелер бойынша кездесу өткізді. Мұндай кездесулерде тұрғындар тарапынан мемлекеттен көмек немесе қолдау қажет ететін сан түрлі мәселелер көтеріледі. Бұл жолы да әртүрлі ұсыныстар мен өтініштер айтылды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мәселен, Марқакөл ауданынан келген Бахтияр Боранбаев мал шаруашылығын дамыту және жем өндірісі бойынша кооператив құру идеясын ұсынды. Әкім жаңадан құрылған аудандарда кәсіпкерлерді қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдеріне кәсіпкерге бизнес-жоспар әзірлеу және мемлекеттік бағдарламаларға, оның ішінде «Ауыл аманаты» жобасына қатысу мүмкіндіктері туралы кеңес беруді міндеттеді.

Ольга Иванова мектептерде «Отбасын зерттеу» сабағын енгізу туралы қызықты идея ұсынды. Аймақ басшысының айтуынша, бұрын бұл пән «Отбасылық өмір этикасы мен психологиясы» деп аталған, қазіргі уақытта тақырыптар сынып сағаттарында және вариативтік сабақтарда қамтылады. Дегенмен, Білім басқармасы осы пәннің бағдарламасын әзірлеу және енгізу тәртібін жасауға тапсырма алды. Бұл жұмысқа психологтар мен жасөспірімдер мәселелерін талқылайтын қауымдастық орталықтарының мамандары қатысуы қажет.

Шемонаиха ауданының тұрғыны Нина Токминамен әңгіме барысында Ермек Көшербаев өңірлік бағыттарда кейбір санаттағы азаматтар үшін жеңілдікті жолақы тәртібінің сақталуын тексеруді тиісті басқармаларға жүктеді.

Сонымен қатар, Өскемен қаласының жаңа әкімі Алмат Ақышовқа 98 жастағы тыл ардагері Ұқыжан Ашетаеваға баспана кезегін жеделдетіп шешу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Бұл мәселе бойынша өтінішті ардагердің қыздары жеткізді.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу