Өскемен қаласында инвестициялық жобаларды қолдау бойынша үйлестіру кеңесі құрылмақ (видео)
Бүгін Өскемен қаласының дамуына қатысты негізгі мәселелер қаралған кеңейтілген аппарат жиыны өтті. Онда қаланың экономикалық көрсеткіштері талданып, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді.
– Экономиканың басты қозғаушы күші – инвестиция екені белгілі. Осыған орай, жиынға қаржы институттарының өкілдері арнайы шақырылып, Өскеменде инвестициялық жобаларды тарту және қолдау мақсатында үйлестіру кеңесін құру туралы бастама көтерілді. Бұл кеңес, ең алдымен, кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталмақ. Кеңестің жұмыс органы ретінде кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі бекітілді. Аталған бөлім келіп түскен инвестициялық ұсыныстарды талқылап, оларды іске асыру мақсатында қаржы институттарымен бірлесе отырып қажетті қолдау көрсетеді, - деді Өскемен қаласы әкімі Алмат Ақышов.
Сонымен қатар, жиында қаңғыбас иттер мәселесі бойынша ветеринария басқармасының есебі тыңдалды. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және иттерді ұстау бойынша нақты шешімдер қабылданды.
Оқи отырыңыз
Президент Қасым-Тоқаев жаңа жарлыққа қол қойдыМемлекеттік қолдау және цифрландыру – кәсіпкерлікті дамытудағы жаңа кезеңШҚО әкімі инвестиция тарту жұмысын күшейтуді тапсырдыШҚО прокуратурасы инвестициялық жобаларды қолдау шараларын қабылдап жатырШҚО-да инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында «Инвестор картасы» әзірленеді