KZ
Өскемен
-22°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
522.42 543.89 5.28

ШҚО-да мал жаю тәртібін бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылды

pexels.com

24.02.2024, 12:00 205 Назерке Каримова

Облыс аумағында "Мал ұрлығы" республикалық жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр.

Мал жалғыз табыс көзі болып табылатын ауылдық жерлерде мал ұрлығы өзекті мәселе, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Шара аясында мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын 200-ден астам автомашина, 90-ға жуық шаруа қожалығы, айдап әкету пункттері және мал мен ет өнімдерін сататын 120 орын тексерілді, - деп хабарлады ШҚО ПД. - Мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-ның 408-бабы бойынша 25-тен астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Жалпы, биыл мал ұрлығын жасаған 5 адам ұсталды, ұрланған 27 малдың 15 басы қайтарылды.

Полиция департаменті қарапайым қауіпсіздік нормаларын сақтауды - мал басын таңбалауды және белгі салуды, GPS-трекерлерді орнату арқылы асыл тұқымды малды бақылаудың заманауи әдістерін қолдануды және малды ешқашан қараусыз қалдырмауды ұсынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу