KZ
Өскемен
-8°
плотный туман жел 1 м/с, С
505.53 593.44 6.34

ШҚО полицейлері жолаушылар тасымалына бақылауды күшейтуде

pexels.com

16.01.2025, 10:00 1 037 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 14 қаңтарынан 16 қаңтарына дейін «Тасымалдаушы» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өтті,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оның басты мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалын жүзеге асырудағы заң бұзушылықтарды анықтау және жеке тұлғалардың тарапынан жолаушыларды және жүктерді заңсыз тасымалдау фактілерін болдырмау.

Бұл іс-шара барысында патрульдік полиция жасақтарының жұмысы күшейтіледі, сондай-ақ мүдделі органдармен бірлескен рейдтік тексерістер ұйымдастырылады.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады, өйткені ол – сіздің және басқа жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігінің басты кепілі.

ШҚО полиция департаменті

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу