KZ
Өскемен
-23°
плотный туман жел 1 м/с, С
503.61 524.96 5.58

ШҚО әкімдігі Made in Kz тобының Ұлыбританияда өнер көрсетуіне 20 миллион теңге жұмсамақ

17.09.2021, 14:43 199

Шығыс Қазақстан облысының Мәдениет басқармасы Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониямен келісімшартқа отырып, Made in Kz тобын жергілікті бюджеттің 20 миллион теңгесіне гастрольге аттандырмақшы деген ақпарат Protenge.kz парақшасында жарияланды.


«Өнерпаздар 27 қыркүйек күні Кембридж университетінің музейінде өтетін «Ұлы Дала алтыны» көрмесінде өнер көрсетеді. Бұған жергілікті бюджет 19,7 млн теңге жұмсамақ. Смета бойынша, музыкалық жабдықтар мен костюмдерді, көлікті қоспағанда артистердің визасы – ШҚО тұрғындарына 2,4 млн теңгеге түспек. Топтың тек ұшу билетіне облыс билігі 1,8 млн теңге төлейді. Әртістер 2,6 млн теңгеге сегіз тәулік қонақүйде жатады. Сондай-ақ, олар үш ПТР тестті 431 мың теңгеге тапсырып, 1 млн теңге гонорар алады», - деп жазылған аталған хабарламада.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу