ШҚО-да қар көшкінінің алдын алу жұмыстары жүргізілді
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіндерінің өздігінен түсуін болдырмау мақсатында "Өскемен-Алтай" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 58-66 шақырымында құтқарушылар мен “Қазселденқорғау” мамандары жарылыс жұмыстарын ұйымдастырды. Нәтижесінде 5090 текше метр қар түсіріліп, жол қызметтері қарды жедел тазартты.
«Облыста 325 қар көшкіні қаупі бар аймақ бар. Оларға мониторинг жүргізуді "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары қамтамасыз етеді. Қар өлшегіш төрткілдештер арқылы мамандар жарылыс жұмыстарын жүргізу қажеттілігін анықтайды», – деп мәлімдеді филиал басшысы Советбек Станбеков.
Құтқарушылардың айтуынша, қар көшкіні қаупі көбіне қалың қар жауғаннан кейін үш-бес күн ішінде, аяздан кейін еріген кезде немесе қатты жел тұруы барысында артады.
«Осы кезеңдерде таулы аймақтарға барудан бас тартқан жөн», – деп ескертті ШҚО ТЖД өкілдері.
Оқи отырыңыз