KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
499.11 521.12 5.58

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 49 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

Бүгін, 17:00 43 Гульжан Мусина

2025 жылдың басынан бері Отбасының цифрлық картасын (ОЦК) енгізу нәтижесінде әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 95,6 мың адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл жүйе өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 49 мыңнан астам адамға ұсынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректеріне негізделе отырып қалыптастырылады. Қазіргі уақытта онда Қазақстанның 20 миллион азаматы немесе 6,2 миллионнан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.

ОЦК енгізудің басты мақсаты – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. ҚР Әлеуметтік кодексінде бұл карта әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленген. Сондай-ақ, ОЦК азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқылы екендігі туралы күнделікті «электрондық хабарлама» қызметін атқарады.

Қазіргі уақытта ОЦК арқылы мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар азаматтарға өтініш бермей-ақ жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді ресімдеу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, зейнетақы төлемдерін алу, «Қандас» мәртебесін беру немесе ұзарту, жұмыссыз азаматтар үшін жұмыспен қамту шаралары туралы автоматты хабарламалар жіберу іске асырылды.

Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Азамат бұл хабарламаға өз келісімін беру арқылы төлемдерді автоматты түрде ресімдей алады. Өтінішті қабылдау және жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүзеге асырылады, ал қаражат алушының банк шотына аударылады.

Алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келген SMS-хабарламаға тек ресми жауап беру қажет. Барлық сұрақтар бойынша 1414 Call-орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу