KZ
Өскемен
+4°
небольшой дождь жел 8 м/с, СБ
442.05 474.14 4.74

Отбасының цифрлық картасы, Электрондық еңбек биржасы және Әлеуметтік қызметтер порталын Халықаралық қауымдастық жоғары бағалады

Фото: gov.kz

18.04.2024, 21:11 69 Айжанат Бақытқызы

Қазақстанның әлеуметтік-еңбек саласындағы цифрлық шешімдерді Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы жоғары бағалады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 

ХӘҚҚ құрмет грамоталарына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 3 жобасы ие болды. Олар -  «Отбасының цифрлық картасы», «Электрондық еңбек биржасы» және «Әлеуметтік қызметтер порталы».

 

Бейінді министрліктің ақпараты бойынша, озық тәжірибе мен инновация үшін ХӘҚҚ сыйлығы бойынша  сайыс нәтижелері Португалияның Порту қаласында өткен Еуропалық аймақтық әлеуметтік қамсыздандыру форумында жария етілді. Конкурсқа қатысуға 26 елден барлығы 119 өтінім түскен.

 

Марапаттарға түсініктеме берген тәуелсіз халықаралық қазылар алқасының мүшелері «Отбасының цифрлық картасы» бастамасын жоғары бағалап, «Электрондық еңбек биржасы» және «Әлеуметтік қызметтер порталы» жобаларының маңыздылығы мен инклюзивтілігін атап өтті.

 

Бұған дейін Отбасының цифрлық картасы Біріккен Араб Әмірліктері ұйымдастырған беделді GovTech Prize 2024 салтанатында «Инклюзивті цифрлық трансформация» санатындағы үздік жоба болып танылған.

 

«Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 2023 жылы 844 мыңға жуық адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS хабарлама жолданды. Бұл ретте 333 мыңнан астам адам, оның ішінде биыл 75 мыңнан астам адам өтінішсіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін пайдаланды. Қазір ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтінішсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді»,-делінген министрлік хабарамасында.

 

Электрондық еңбек биржасында жыл сайын 800 мың бос жұмыс орны, 700 мың түйіндеме жарияланады және 400 мыңнан астам адам жұмысқа орналасады.

 

Ал «Әлеуметтік қызметтер порталы» мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндіруші мен жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.

 

Портал арқылы қазірдің өзінде 1,4 млн қызмет көрсетілген, оның ішінде оңалтудың техникалық құралдары, ымдау тілі, жеке көмекші және санаторий-курорттық емдеу қызметтері бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив