Біріккен Ұлттар ұйымы Алматыда аймақтық орталық ашады

Фото: pexels.com
БҰҰ Бас Ассамблеясы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталықты Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады. Қарар 152 елдің бірлескен авторлығымен ұсынылған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram парақшасында жазды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- БҰҰ-ның Аймақтық хабы халықаралық іс-қимылды үйлестірудің маңызды алаңына айналады, - деді Мемлекет басшысы.
Алматының өңірлік хаб ретіндегі рөлі артып, тұрақты даму бағытында жаһандық бастамаларды жүзеге асыруда маңызды орын алмақ.
Оқи отырыңыз