KZ
Өскемен
+16°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
515.03 584.82 6.24

Көлік салығы: ШҚО-дағы борышкерлер саны 26 мыңнан асады

depositphotos.com

14.04.2025, 12:30 162 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысында көлік иелерінің салық төлеу тәртібі өзекті мәселеге айналып отыр. Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 2024 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуірінде аяқталған. Алайда аймақтағы ондаған мың тұрғын бұл міндетін орындамай, айыппұл мен шектеу шараларына тап болу қаупін төндіріп отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуірінде аяқталғанын хабарлайды.

2 сәуірден бастап мерзімі өткен әрбір кешіктірілген күн үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі. Бұл дегеніміз, төлем неғұрлым ұзақ кешіктірілсе, соғұрлым қарыз сомасы артады.

Салықты уақтылы төлемеген жағдайда салық органдары қарызды 30 жұмыс күні ішінде өтеуді талап ететін хабарлама жібереді. Егер 30 күн өткеннен кейін салық төленбесе және қарыз сомасы 1 АЕК-тен асса, салық бұйрығы шығарылады, оны 5 жұмыс күні ішінде орындау қажет.

Бұдан әрі салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу үшін мүлікке тыйым салу және алып қою, шоттарды бұғаттау сияқты өндіріп алу шараларын қолдану үшін жеке сот орындаушыларына беріледі, ал 40 АЕК-тен жоғары берешек сомасы болса елден шығуға тыйым салуға салық бұйрығы шығарылады. Сонымен қатар, жеке сот орындаушыларымен берешек сомасынан басқа, берешек сомасының 25% мөлшерінде жеке сот орындаушының қызметтері үшін қосымша сома өндіріп алады.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысының 26 139 тұрғыныкөлік салығы бойынша борышкер, берешектің жалпы сомасы861,1 млн теңге. Салықты уақтылы төлеу – міндет қана емес, сонымен қатар ауыр зардаптарды болдырмау тәсілі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу